Халықаралық Олимпиада комитеті Сочиде бақ сынап жатқан бір неміс спортшысының допинг сынағы оң нәтиже көрсеткенін хабарлады.

Спортшының аты-жөні, спорттың қандай түрінде бақ сынап жатқаны туралы ақпарат әзірге құпия күйінде қалып отыр. Күдікті спортшыға қатысты В допинг сынағының қорытындысы бүгін белгілі болуға тиіс.

«Deutsche Welle» басылымы үш бірдей неміс спортшысының А допинг сынағы оң нәтиже көрсеткені туралы хабарлағанын айта кету керек. Германияның Ұлттық Олимпиаалық комитеті бұл ақпаратқа қатысты мәлімет беруден бас тартып отыр.