Жерлесіміз Бейімбет Қанжанов Белорусияда өткен самбодан әлем кубогының жеңімпазы атанды.

52 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Қанжанов қарсылас шақ келтірмей алтыннан алқа тағынды. Ал 68 келіде Нұрбол Серіков қола медальды қанағат тұтты.

Естеріңізге сала кетсек, байрақты бәсеке ақпанның 20-сы мен 21-і аралығында Белорусь астанасы Минск қаласында өткен болатын.