Румыния құрамасының ойыншысы Дорин Ротариу «Астана» футбол клубымен 4 жылдық еңбек келісімшартына қол қойды.

23 жастағы жартылай қорғаушы өз Отанында «Политехник» және «Динамо» (Бухарест) сапында ойнап, артынша белгиялық «Брюггемен» келісімшарт жасаған. Дорин соңғы маусымды «Мускроне» (Белгия) және «Аз Алкмаар» (Нидерланды) сапында жалда өткізген.

Ротариу Румыния құрамасы сапында 9 ойын өткізіп, Швеция қақпасына бір гол соққан.