Бүгін Парламент Мәжілісінің отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі лауазымына Арыстанбек Мұхамедиұлының кандидатурасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Талқылау мен сұрақ-жауаптардан кейін Арыстанбек Мұхамедиұлының кандидатурасын ҚР Мәдениет және спорт министрі лауазымына ұсынуға болатыны туралы Тұжырымдама бекітілді.

А.Мұхамедиұлы 1963 жылы 11 ақпан күні Алматы облысы Талғар ауданында дүниеге келген. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері. Бірнеше мәрте Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталған.