Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы ел суперкубогы үшін өткен тартыстардың тарихын еске түсіруді ұсынады.

1995. Елімай – Восток 2:0

Голдар: Мирошниченко 29 (1:0), Глушков 53 (2:0)

9 қазан. Алматы. «Орталық».

Суперкубок үшін өткен ойындардың тарихы Шығыс Қазақстан облысының қос командасының күзгі тартысынан бастау алды. Алматыда өткен кездесуде екі доп айырмашылығымен ел чемпионы семейлік «Елімай» жеңіске жетті.

2008. Тобыл – Ақтөбе 0:2

Голдар: Струков 14 (0:1), Струков 88 (0:2)

2 наурыз. Алматы. «Орталық». 12000 жанкүйер.

Екінші рет ұйымдастырылған суперкубоктың бас жүлдесін бітіспес қарсыластар «Ақтөбе» мен «Тобыл» сарапқа салды.

Шабуылшы Сергей Струковтың соққан қос голы «Ақтөбеге» жеңіс әкелді.