Отандық ақпарат құралдарының хабарына сенсек, африкалық тіреуші жартылай қорғаушы Анри Энинфул қарағандылық «Шахтер» сапында қаралымнан өтіп жатыр.

26 жастағы Анри бельгиялық «Стандард» командасының түлегі. Бұдан бөлек ол венгриялық «Уйпешт» және «Кечкемет» командаларында доп тепкен. 2015 жылдан 2018 жылға дейін кипрлік «Докса» клубының намысын қорғады.

Мансабында 160 матчқа қатысып, 6 гол соққан әрі 2 нәтижелі пас берген.

Того ұлттық құрамасында 6 ойын өткізген.