UFC Fight Night 145 турнирінде жекпе-жек өткізгеннен соң Дамир Исмағұлов ауруханаға не үшін жеткізілгені белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

- Жеңіс оңайшылықпен келмейді, Дамир Исмағұлов бауырым! Білмейтіндер үшін айтайын, Дамир Таиландта жүргенге қолын жарақаттап алған. Сол себепті жекпе-жекте сынған қолымен жұдырықтасты, - деп жазды Tobet Top Team командасының Instagram парақшасы.

Айта кетейік, Прага қаласында өткен жекпе-жекте Дамир Исмағұлов Хоэль Альваресті (15-1) төрешілердің шешімі бойынша жеңді.