Cочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында келесі Олимпиадада алтын алуға тырысатынын айтты.

«Мәнерлеп сырғанауда жоспарлар қою өте қиын. Кейде нәтижелер бізге байланысты емес болып шығады. Сондықтан мен әлі де шыңдалуға тырысамын. Олимпиада чемпионы болуды армандамайтын спортшы жоқ. Мен сауда кешендері мен ашық мұз айдындарында жаттыға бастағанмын. Содан бері үлкен жетістіктерге қол жеткіздім. Бұл себеп маған үлкен күш-қуат береді. Бүгінгі таңда жағдай жақсы. Бізде керемет мұз кешендері бар. Көп ұзамай Қазақстан атынан өзге де спортшылар үлкен жүлделерге қол соза бастайды. Егер мүмкіндік болып жатса, командалық жарыстарға де қатысармыз. Әрине, мен Олимпиаданың алтын медалін жеңіп алуды армандаймын. Дұрыс жаттығулар мен бапкердің сауатты кеңестері осы арманымның кепілі болмақ», - деді Тен.