Австрияның Зеефельд қаласында өтіп жатқан шаңғы жарысынан әлем чемпионатында ерлер арасындағы скиатлон бойынша жарыс аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл сында қазақстандық спортшы Алексей Полторанин классикалық және еркін стильде 11-ші орынға ие болды. 7,5 шақырымдық жарыс жолын ол көшбасшы - норвегиялық Шур Ретеден 1 минут 23 секунд кеш жүріп өтті.
Одан бөлек, Евгений Величко 42-ші, Виталий Пукхало 48-ші, Олжас Климин 54-орында.
Шаңғы жарысы. Австрия. Әлем чемпионаты. Скиатлон. Ерлер
1. Шур Рете (Норвегия) – 1:10:21
2. Александр Большунов (Россия) - +0.1
3. Мартин Йонсруд Сундбю (Норвегия) - +0.7
…11. Алексей Полторанин (Қазақстан) - +1:23.3
…42. Евгений Величко (Қазақстан) - +6:11.2
…48. Виталий Пукхало (Қазақстан) - +6:18.6
…54. Олжас Климин (Қазақстан) - +7:47.4
Комментарии