Ресейлік футболшы Андрей Аршавин «Foot’больные люди» блогына берген сұқбатында өз мансабында жылаған сәті жайында айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

- Соңғы жылдары футбол алаңында жылаған кезің болды ма?

- «Қайратта» ойнап жүргенімде жылаған шығармын. Былтыр кубокты жеңіп алған сәтте.

- Себебі бұл мансабыңдағы алғашқы кубогың ғой?

- Иә, оның үстіне, қызыма медаль алып келемін деп уәде бергенмін. Орындай алдым.