Былтырғы маусымды «Қайрат» сапында өткізген Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы Виталий Ли «Астана» ФК байқаудан өтуде.

«ВКонтакте» желісінде «Менің жаңа клубым - Астана» деп жазған қарағанды футболының түлегі ауысқанына қуанышты көрінеді.

Естеріңізге сала кетсек, Виктор Кумыков жақында өткен баспасөз маслихатында Лиге көңілі толмайтынын білдірген.