Сочи олмпиадасында хоккейден Ресей құрамасы ширек финалда Финляндиядан жеңіліс тапты. 

Матчтағы алғашқы шайбаны ресейлік хоккейші Илья Ковальчук соқты. Бірақ, қонақтар таблодағы есепті теңестіріп қана қоймай, үзіліске дейін есепте алға шықты. Артынша, Гранлунд жалпы есепті қорытындылады - 1:3. 
 
Осылайша, Финляндия құрамасы жартылай финалда Швеция құрамасымен кездеседі. Ал Ресей құрамасы болса қатарынан 3-ші Олимпиада ойындарында жүлделі орынға іліне алмады.
 
Финляндия — Ресей 3:1 (2:1, 1:0, 0:0)
 
0:1 — Ковальчук (Дацюк) — 07:51
 
1:1 — Аалтонен (Контиола) — 09:18
 
2:1 — Селянне (Гранлунд) — 17:37
 
3:1 — Гранлунд (Селянне, Тимонен) — 25:37
 
Қақпашылар: Раск — Варламов (Бобровский, 26:42 — 60:00)