Қазақстандық ауыр атлет Надежда Лихачёваның қанынан 2018 жылы Сочиде өткен оқу-жаттығу жиынында тыйым салынған препарат (тестостерон) табылған еді. Сол себепті ол енді 4 жылға спорттан шеттетілді. Бұл жайында informburo.kz сайты хабарлады.

23 жастағы Надежда Лихачёва былтыр Ашхабадта өткен әлем чемпионатында қола медаль иеленген. Бұл жарыс экс ресейлік атлет үшін Қазақстан сапындағы алғашқы сайысы болатын.