Қытайдың Макао қаласында өтетін аралас жекпе-жектен «ATT 2019 CKF China vs Kazakhstan, Qazaqstan Fighter» турнирі «Qazsport» арнасы көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

23 ақпан күні өтетін турнирде қазақ және қытай спортшылары жұдырықтасады. Барлығы 10 жекпе-жек өтеді деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, «Qazaqstan FIGHTER» жобасының вице-чемпионы Елжан Әлиасқар, Еркін Дәрменов, Аян Қасымұлы, Нұржан Әкішов және Сағындық Мұқанов сегізбұрышқа шығатыны белгілі.

Дүбірлі доданы «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.