24 наурыз күні Алматыда қазақстандық боксшылар Айдос Ербосынұлы (10-0, 8КО) мен Нұрсұлтан Жаңабаев (6-0, 4КО) титулдық жекпе-жектерін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Айдос Ербосынұлының жекпе-жегінде WBO Global, WBC Asia және WBA International титулдары сарапқа салынады, ал Нұрсұлтан Жаңабаев WBA Intercontinental белдігіне таласады.

Олардың қарсыластары әзірге белгісіз. Анығы, бокс кеші «Алматы Арена» мұз айдынында өтеді.