Сочи Олимпиадасында шаңғы жарысынан командалық спринтте қазақстандық Елена Коломина мен Анастасия Слонова финалға шыға алмады.

Қазақстандық шаңғышылар  қашықтықты 17 минут 49,66 секундта өтіп, жартылай финалық бәсекеде өз тобында 9 команданың ішінен соңғы орын алды.  

Әйелдер арасындағы командалық спринттің финалында Норвегия құрамасы алтыннан алқа тақты, Финляндия құрамасы күміс медаль иеленсе, үздік үштікті Швеция құрамасы түйіндеді.