«Фируза Шарипованың бокс қоры» 2019 жылдың мамырында Астанада бокс кешін ұйымдастырады, деп хабарлайды спортшының баспасөз-қызметі.

Турнир Астанадағы қонақ үйлердің бірінде өтеді. Шараға қазақстандық және шетелдік спортшылар қатыспақ. Кешке қатысуға Али Балоев, Айдар Шәрібаев, Виктор Коточигов, Константин Брусенский келісім берген. Ұйымдастырушылар боксшыларды қабылдауға және басқа промоутерлік компаниялармен келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді.