Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Марсельде (Франция) өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз екінші айналымда Канада спортшысы Денис Шаповаловты жеңді.

1 сағат 25 минутқа жалғасқан кездесу 6:4, 7:6 (7:4). есебімен аяқталды.

Жартылай финалға өту үшін Кукушкин Маттео Берретини / Андрей Рублев жұбының жеңімпазымен күш сынасады.