Алматы қаласының «Қайрат» футбол клубы Түркияда армениялық «Лори» командасымен жолдастық матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойында қазақстандық команда жеңіске жетті. Есеп 4:2. «Қайрат» сапынан Бауыржан Исламхан пенальтиден екі гол соқты. Одан бөлек Айбол Абикен, Елдос Ахметов көзге түсті.

«Қайрат» - «Лори» - 4:2