The Times порталының мәлімдеуінше, мадридтік «Реал» «ПСЖ» форварды Неймарды жазда қатарына қоспақ, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Басылымның хабарлауынша, футболшы мен клуб арасында келісімшарт жасалып қойған.

Трансфер 2019 жылдың жаз айында орын алмақшы. Құны-300 миллион еуро.

  • Неймар «Барселонадан» «ПСЖ» сапына 2017 жылдың жазында 222 млн еуроға ауысқан болатын.