Шетелдік БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, IAM командасының шабандозы, бельгиялық Кристоф Годдар автобустың астына түсіп қайтыс болды. Бұл қайғылы оқиға спортшының туған жері Антверпенеде орын алды.

Бельгиялық баспасөздің пайымдауынша, оқиға орнына лезде жеткен жедел-жәрдем де, өкінішке қарай, спортшыға көмек көрсете алмаған. Мән-жайды анықтау барысында велошабандоздың өзі кәнәлі болып шықты. Велосипедті дұрыс басқара алмай жазатайым автобус астына түскен спортшы сол жерде көз жұмды. Ал автобус жүргізушісі есеңгіреген қалпында ауруханаға жеткізлді.

Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада Годдар «Тур Катар» жарысына қатысқан болатын. 2009 жылы тура осы жарыста Годдардың командалық серіктесі Фред Нольф қайтыс болған. Кристоф досының жерлеу рәсімдеріне қатысып, табытты көтерушілердің қатарында болған екен.