Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин ринг төрінде Энди Лимен кездесуі мүмкін. Әлем чемпионы белбеуіне үміткер Ли қазақстандық боксшымен кездесуге қарсы еместігін білдірді.

«Кездесу өтеді деп нақты айта алмаймын. Дегенмен біздің тарап бұл матчқа қарсы емес. Сондай-ақ, біз Адам Бутом және Лу ДиБелломен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Головкинге де қарсылас ретінде ұсыналдым, бірақ кездесудің болар-болмасы әлі белгісіз. Бәлкім осы аптада бұл жайлы нақты ақпарат пайда болып қалар», -деді Ли tofight.ru сайтына ерген сұхбатында.