Екі салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Фируза Шарипова өзімен жаттығуға Анна Седокованы шақырды. Ол ресейлік әншімен жұдырықтасуға ниетті екенін өзінің Instagram парақшасында хабарлаған.

Шарипова "ВИА Граның" бұрынғы әншісіне қазақстандық бокстың күш-қуатын көрсететінін жеткізді.

- Анна Седокованы Мәскеуде өтетін жаттығуыма қатысуға шақырамын. Сізге нағыз қазақстандық боксты көрсетемін. Головкинді таңғалдырамыз, - деп жазған Фируза.

Оған қоса, спортшы қыз ресейлік әншінің бокс шеберлігін жоғары бағалады.

Фируза өзінің Instagram парақшасына Седокованың менеджерімен бірге үш жыл бұрын түскен суретін жүктеп қойды.

- Мына сурет 2016 жылы бокс академиясында жасалған. Анна клип түсіріп жатты. Біз менің кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегіме промо ролик жасағанбыз, - деп жазды ол.