Қазақстан құрамасының бас бапкері Михал Билек Молдоваға қарсы өтетін жолдастық кездесуге шақырту алған футболшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қақпашылар: Дмитро Непогодов («Ордабасы»), Марсель Исламқұлов («Қайсар»), Игорь Шацкий («Шахтер»);

Қорғаушылар: Дмитрий Шомко («Астана»), Рауан Орынбасар («Жетысу»), Рафкат Аслан, Руслан Есімов (екеуі де - «Ертіс»), Сағадат Тұрсынбай, Темірлан Ерланов, Мардан Төлебек, Марат Быстров, Сергей Малый (все - «Ордабасы»), Бекзат Шадманов («Тараз»), Дмитрий Мирошниченко («Тобыл»);

Жартылай қорғаушылар: Юрий Перцух («Астана»), Еркін Тапалов («Жетісу»), Максим Федин, Азат Нұрғалиев (екеуі де - «Тобыл»), Геворг Наджарян («Шахтер»), Думан Нәрзілдаев («Қайсар»);

Шабуылшылар: Роман Мұртазаев («Астана»), Алексей Щеткин («Ордабасы»), Бауыржан Тұрысбек («Тобыл»), Оралхан Өміртаев («Шахтер»).

Бапкерлер құрамы: Михал Билек - бас бапкер, Михал Хипп - бас бапкердің көмекшісі, Талғат Байсуфинов - бас бапкердің көмекшісі, Николай Родионов - қақпашылар бапкері.

Естеріңізге сала кетеійк, ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 15 ақпан күні басталған болатын. Михал Билек Қазақстан құрамасының тізгініндегі алғашқы ойынын 21 ақпан күні Түркияның Анталия қаласында өткізеді.