Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева румыниялық Ирина-Камелия Бегумен бірге Будапешттегі WTA турнирінің 1/8 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Галина мен Иринаның қарсыласы венгриялық жұп Далма Галфи мен Анна Бондар болған. Кездесу үш сетке жалғасты, қазақстандық-румыниялық дуэт жеңісті жұлып әкетті – 6:3, 1:6, 11:9.

Матч 1 сағат, 14 минутқа созылды.