«Астананың» қазақстандық велошабандозы Алексей Луценко «Оман туры» көпкүндігінің үшінші кезеңінде жеңіске жетті.

Луценко 192,5 шақырымдық қашықтықты бірінші болып өтіп шықты. Екінші орынды Cofidis өкілі Хесус Эррада еншіледі. Ал Грег ван Авермат (CCC Team) үздік үштікті түйіндеді.

Осылайша, қазақстандық шабандоз жалпы есепте көш бастады.

Айта кетейік, Луценко турнирдің екінші кезеңінде де мәре сызығын бірінші болып кескен болатын.

«Оман туры». Үшінші кезең

1. Алексей Луценко (Қазақстан, «Астана») - 4:35:48

2. Хесус Эррада (Cofidis)

3. Грег ван Авермат (CCC Team)

....39. Магнус Корт (Дания, «Астана»)

...58. Евгений Гидич (Қазақстан, «Астана»)

...59. Артем Захаров (Қазақстан, «Астана»)

...72 Уго Уль (Канада, «Қазақстан»)

...76. Давиде Баллерини (Қазақстан, «Астана»)

...77. Жандос Бижігітов (Қазақстан, «Астана»)

Жалпы есеп

1. Алексей Луценко (Қазақстан, «Астана») 11:37:37

2. Хесус Эррада (Cofidis)