Бүкіләлемдік бокс ұйымы үздік боксшылар рейтингісін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бір ай бұрын қазақстандық Геннадий Головкин орта салмақ рейтингісінде екінші орында тұрған болатын. Ал көш басында британиялық Билли Джо Сондерс тұрған. Алайда жаңа рейтингіде WBO Сондерсті екінші орта салмаққа ауыстырып, ол жақта 2-ші орынға қойды. Бұл салмақта қазақстандық Айдос Ербосынұлы өз мансабында алғаш рет 14-ші орынға көтерілген.

Ал орта салмақтың бірінші сатысы бос қалғандықтан, бұл орынға Головкин орналасты. Осылайша, қазақстандық боксшы WBO тұжырымы бойынша чемпиондық титулға басты үміткер атанды. Қазір бұл белбеу америкалық Деметриус Андраденің еншісінде.