Сочи Олимпиадасында бүгін қазақстандық спортшылар жарыстың үш түрінен сайысқа түседі.

Астана уақытымен сағат 11:15-те қазақстандық сноубордшы Валерия Цой жарыс жолына шығады. 

Сағат 15:15-те шаңғышылар арасында командалық спринт бәсекесі басталады. Әйелдер ұлттық құрамасы сапында Елена Коломина мен Анастасия Слонова өнер көрсетеді. Ерлерде әйгілі қос қазақстандық дуэт Николай Чеботько мен Алексей Полторанин сайысқа түседі. Бір жыл бұрын осы екі дуэт әлем чемпионатында қола медальге қол жеткізген болатын. Бұл жолы да олардан жоғары нәтижені күтеміз.  

20:30-да биатлоннан командалық эстафета сайысында Елена Хрусталева, Дарья Усанова, Ян Савицкий мен Антон Пантов Қазақстан намысын қорғайды.