Сочи Олимпиадасында 18-ші ақпан күні қазақстандық спортшылар жарыстың үш түрінен – конькимиен жүгіруден жәйне әйелдер мен ерлер арасында шорт-тректен бәсекеге түсті. 

«Адлер-арена» мұз айдынында ерлер арасында конькимен жүгіруден 10000 метрлік сайыста жалғыз жерлесіміз Дмитрий Бабенко бәсекені 12-ші орында аяқтады.

Шорт-тректен қазақстандық спортшы Инна Симонова 1 минута 32,599 секунд көрсеткішпен финалдық кезеңге шықпады. Сондай-ақ, ерлер арасында екі отандасымыз Айдар Бекжанов пен Нұрберген Жұмағазиев әлсіз нәтиже көрсетіп, іріктеу кезеңнен өте алмады.