Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин италиялық Конье қаласындағы Әлем кубогы кезеңінде 15 шақырымға классикалық стильдегі жарыста 4-ші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстанның басқа шаңғышылары да бұл сында өнер көрсетті: Иван Люфт – 31-ші орын, Әсет Дүйсенов – 48-ші орын.

Бұл жарыста ресейлік шаңғышы Александр Большунов жеңіске жетті.