Сочи Олимпиадасында қазақстандық шорт-трекшілер Нұрберген Жұмағазиев пен Айдар Бекжанов ширек финалға шыға алмады.

500 метрлік жарыста Айдар ресейлік Виктор Ан мен британдық Джон Илидан кейін үшінші орын алды. Ал Нұрберген іріктеу кезеңінде соңғы келді.