«Ақтөбе» футбол клубы Түркиядағы үшінші оқу-жаттығу жиынында үш бақылау матчын өткізеді. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі мәлім етті.

21 ақпанда ақтөбеліктер тулалық «Арсеналмен» ойнайды.

25 күні «ақ-қызылдар» Түркменстанның «Алтын Асыр» командасымен күш сынасады.

2 наурызда «Ақтөбе» минскілік «Динамомен» кездеседі.

Үшінші ОЖЖ 17 ақпанда басталып, 3 наурызға дейін жалғасады.