«Адлер-Арена» мұз айдынында конькимен жүгіруден ерлер арасындағы 10 мың метрлік қашықтыққа бәсекеде Дмитрий Бабенко 12-ші орын алды.

Қазақстандық спортшы 10 мың метр қашықтықты 13 минут 33.18 секунд көрсеткішпен аяқтады. Осылайша ол жаңа олимпиада рекордын орнатқан, жарыстың жеңімпазы голландиялық Йоррита Бергсмадан 48.73 секундқа артта қалып қойды.

Бұдан өзге тағы екі голландиялық спортшы – Свен Крамер «күмісті» иеленсе, Боб де Йонг «қола» медаль еншіледі.

Олимпиада-2014. Сочи (Росей)

Конькимен жүгіру. 10000 м. Ерлер.

1. Йоррит Бергсма (Голландия) – 12:44.45 OR

2. Свен Крамер (Голландия) – 12:49.02

3. Боб де Йонг (Голландия) – 13:07.19

4. Ли Сын-Хун (Оңтүстік Корея) – 13:11.68

5. Барт Свингс (Бельгия) – 13:13.99

6. Патрик Беккерт (Германия) – 13:14.26

12. Дмитрий Бабенко (Казақстан) – 13:33.18