Қазақстан чемпиондары сапын 23 жастағы румыниялық жартылай қорғаушы Дорин Ротариу толтырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Transfermarkt ақпаратына сүйенсек, қапталда ойнайтын футболшымен еңбек келісімі 4 жылға жасалған. Ротариу «Астанаға» ауыспас бұрын бельгиялық «Брюгге» ойыншысы болды. Алайда соңғы жылдарын жалда өткізді – алдымен бельгиялық «Мускронеде», кейін голландиялық «Аз Алкмарда».
Голландиялық команда сапында Ротариу Еуропа лигасында алматылық «Қайратқа» қарсы қарымта матчқа шыққан болатын.
Айта кетейік, Дорин Ротариу Румыния құрамасында 5 матч өткізіп, 1 гол соқты.
Комментарии