Әлем чемпионы Фируза Шәріпова WBA рейтингінде көш бастады. Бұл отандық спортшыны ирландиялық боксшы Кэти Тэйлорға тиесілі чемпиондық белбеуге міндетті үміткердің бірі етеді.

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) - кәсіби бокста бұрыннан келе жатқан халықаралық ұйым.

WBA тұжырымы бойынша Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Геннадий Головкин және басқа атақты боксшылар чемпион атанды.

Айта кетсек, Фируза Шәріпова - бокстан жеңіл және жартылай жеңіл салмақ бойынша қыздар арасында Қазақстаннан шыққан алғашқы әлем чемпионы.

Спортшы WBA нұсқасы бойынша келесі жекпе-жегін финляндиялық қарсыласы Ева Вальстреммен өткізуді жоспарлауда.