Эстония құрамасының футболшысы Сергей Зенев "Шахтер" ойыншысы атанды. Бұл жайында қарағандылық клубтың ресми сайты хабарлады. Зеневтің соңғы ойнаған клубы Польшаның жоғарғы лигасындағы"Краковия" командасы болды. Сондай-ақ ол, әзербайжандық "Габала", ресейлік "Торпедо", ағылшындық "Блэкпул", украиналық "Карпаты" және эстониялық "Вапрус" пен "ТМФК Таллин" клубтарында ойнаған. Эстония құрамасы сапында Зенев 74 матч өткізіп, 13 гол соқты.