Сочи Олимпиадасында хоккейден Ресей құрамасы Норвегиядан басым түсіп ширек финалға жолдама алды.

Матчтың бірінші кезеңінде есеп ашылмады. Дегенмен екінші периодта Александр Радулов ресейліктерді алға шығарды, кейін Илья Ковальчук есепті 2:0-ге жеткізді. Артынша, ойын бітуіне екі минут қалғанда Радулов дубльдің авторы атанса, Владимир Тарасенко есепті қорытындылады – 4:0.

Ресей – Норвегия 4:0 (0:0, 2:0, 2:0)

1:0 – Радулов (Дацюк) – 24:12

2:0 – Ковальчук (Радулов, Дацюк) – 37:11

3:0 – Радулов (Дацюк) – 58:53

4:0 – Терещенко (Тихонов, Тарасенко) – 59:20

ҚақпашыларБобровский – Хеуген