Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз іріктеу кезеңінің соңғы кездесуінде румыниялық Моника Никулесканы 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Айта кетейік, турнир 24 ақпан күні аяқталады.