Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты футболдан Қазақстан кубогының іріктеу кезеңінде 12 команда бақ сынайтынын мәлімдеді, деп жазады prosports.kz.

Бұл кезеңде Бірінші, Екінші лиганың бірқатар командалары және бірнеше әуесқой команда өнер көрсетеді.

Жеребе тарту рәсімі Астана қаласында 18 ақпан күні өтеді. Басталуы 15.00-де. Іс-шараны ҚКФЛ-ның ресми арнасы (ПФЛК-ТВ) тікелей эфирде көрсетеді.

Қазақстан кубогының алғашқы іріктеу кезеңіне қатысатын командалар:

Бірінші лига: «Академия Оңтүстік», «Ақжайык» (Орал), «Алтай» (Семей), «Каспий» (Ақтау), «Қызылжар СК» (Петропавл), «Қыран» (Шымкент), «Мақтарал» (Түркістан облысы), «Екібастұз». Екінші лига: «Ақсу», «Арыс» (Түркістан облысы), «Рузаевка» (Солтүстік Қазақстан облысы), СДЮСШОР №8 (Астана қаласы). Әуесқой команда: «Игілік» (Қаратау) , «Дидар Сыдықбектің футбол орталығы» (Астана)

Аталған 12 команда үш-үштен төрт топқа бөлінеді. Әр топтан үздік шыққан командалар жарыстың 1/8 финалдық сатысына жолдама алады. Бұл кезеңде олармен бірге Премьер-лига командалары да бақ сынайды.

Қазақстан кубогының алғашқы кезеңі 19-27 наурыз күндері Шымкент қаласы мен Түркістан облысында өткізіледі.

Айта кетейік, өткен маусымда Қазақстан кубогын алматылық «Қайрат» футбол клубы жеңіп алды. Олар финалда «Атырау» командасынан басым түсті.