Ақпанның 24-і мен 26-ы аралығында футзалдан УЕФА кубогының финалдық кезеңі өтеді. Аталмыш доданың жеребе тарту рәсімі 12-ші наурыз күніне жоспарланған, деп хабарлайды UEFA.com. сайты.УЕФА кубогының финалдық кезеңін Әзербайжан елі қабылдайды. Ақтық кезеңнің ойындары «Серхедчи» спорт кешенінде өтеді. Турнирдің қожайыны - жергілікті «Араз» клубы. Ал былтырғы жеңімпаз - «Қайрат». Бәсі биік жүлде үшін біздің негізгі қарсыластарымыз испандық «Барселона» мен мәскеулік «Динамо» командасы.Жеребе тарту рәсімі 12-ші наурыз күні Бакуде Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады, оны тікелей эфирде UEFA ресми сайты көрсетеді.