Кеше павлодарлық «Ертіс» Белек қаласына келіп жетті. Димитар Димитровтың шәкірттері Түркияда соңғы, үшінші оқу жиындарын бастап, алғашқы жаттығу өткізді. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі мәлім етті. Айту керек, команда жиын барысында бес жолдастық кездесу өткізеді. Алғашқы қарсылас өзбекстандық «Қызылқұм» ФК екендігі белгілі болды. Өзбекстан Суперлигасының өкіліне қарсы өтетін жаттығу ойыны ертең, 16 ақпан күні өтеді.