Қазақстан құрамасының бас бапкері Юрий Красножан ұлттық құрамаға шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады.

Қақпашылар: Андрей Сидельников («Ақтөбе»), Александр Мокин («Шахтер» Қарағанды), Владимир Логиновский («Астана»), Антон Цирин («Атырау»);

Қорғаушылар: Елдос Ахметов («Астана»), Марк Гурман («Қайрат» Алматы), Юрий Логвиненко («Ақтөбе»), Виктор Дмитренко («Астана»), Ренат Абдулин («Атырау»), Валентин Чуреев («Атырау»), Захар Коробов («Жетісу» Талдықорған), Константин Энгель («Ингольштадт», Германия), Сергей Малый («Шахтер» Қарағанды);

Жартылай қорғаушылар: Марат Шахметов («Астана»), Серікжан Мужиков («Астана»), Жамбыл Көкеев («Қайрат» Алматы), Азат Нұрғалиев («Ордабасы» Шымкент), Ұлан Қонысбаев («Шахтер» Қарағанды), Андрей Карпович («Атырау»), Дмитрий Шомко («Астана»), Валерий Коробкин («Ақтөбе»), Асхат Тағыберген («Ақтөбе»), Марат Хайруллин («Ақтөбе»), Павел Шабалин («Ақтөбе»), Анатолий Богданов («Тобыл» Қостанай), Хайнрих Шмидтгаль («Фортуна», Германия), Бауыржан Жолшиев («Шахтер» Қарағанды), Нұрбол Жұмасқалиев («Тобыл» Қостанай), Мақсат Байжанов («Шахтер» Қарағанды);

Шабуылшылар: Танат Нөсербаев («Астана»), Андрей Финонченко («Шахтер» Қарағанды), Сергей Хижниченко («Корона», Польша), Сергей Остапенко («Астана»), Алексей Щеткин («Атырау»).

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан құрамасы бесінші наурыз күні Түркияда Литва құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.