Словения Құрамасы хоккейден ерлер арасындағы Олимпиада турнирінің ширек финалына шықты. 1/8 финалда олар Австрия құрамасынан басым түсті - 4:0.

Кездесудегі есепті Словения құрамасының жетекші ойыншысы, «Лос-Анджелес Кингзтің» намысын қорғап жүрген Анже Копитар ашты. Бірінші кезеңнің орта тұсында «Сарыарқа» ХК қорғаушысы Ковачевичтің пасынан Ян Урбас есепті арттырды. Артынша Яр Муршак матчты қорытындылап соңғы нүктені қойды.

Ширек финалда Словения құрамасы Швеция командасымен кездеседі.

Словения – Австрия 4:0 (2:0, 1:0, 1:0)

1:0 – Копитар (Тичар, Еглич) – 05:292:0 – Урбас (Ковачевич) – 11:573:0 – Ковачевич (Д. Родман, Муршак) – 23:214:0 – Муршак ( Д. Родман) – 57:02, ПВҚақпашылар: Кристан – Ланге