Бірінші ауыр салмақта WBA чемпионы Бейбіт Шүменов Лас-Вегаста үйін сатылымға қойды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жылжымайтын мүлік агенті Шеннон Смит Шүменовтің үйі туралы: «Бұл өте үлкен үй, тіпті Шакил О’Нил бұл үйде өзін кішкентай сезінуі мүмкін».

17 000 квадрат фунт жерді құрайтын жекежай 4,75 млн долларға сатылады.