Елордалық «Барыс» бүгін Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командасымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Ойында «Барыс» 3:1 есебімен жеңіске жетті. Астаналық клуб сапынан Павел Акользин (дубль) мен Роман Старченко шайба соқты.

«Барыс» енді Астанада бір ойын өткізеді. Жерлестеріміз 16 ақпанда Омбының «Авангард» клубын қабылдайса, одан кейінгі үш кездесуді сырт айдында өткізеді. Алдымен 18 ақпанда Владивостокта «Адмирал», 20 ақпанда Хабаровскіде «Амур» командаларымен ойнайды.

Құрлықтық хоккей лигасындағы соңғы кездесуін «Барыс» бүгінгі қарсыласы - «Куньлунь Ред Стармен» 22 ақпанда өткізеді.

«Барыс» (Астана) – «Кунлунь Ред Стар» (Пекин) – 3:1 (0:0, 2:1, 3:1)

1:0 - Акользин (Диц, Асетов) - 14:19 2:0 - Старченко (Маклюков, Боченски) - 29:22 3:0 - Акользин (Кормье) - 49:47 ГМ3:1 - Фонтэйн (Парлетт) - 50:41 ГБ

Қақпашылар: Карлссон - Лазушин