Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы сербиялық қорғаушы Урош Витасты қатарына қосты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

26 жастағы футболшы сербиялық «Рад» футбол клубының тәлімгері болып табылады, кәсіби мансабын аталмыш командада бастаған еді.

Жюпиле Лигасында (Бельгияның жоғары біріншілігі) белгілі «Гент» футбол клубының сапында өнер көрсетіп, 2015 жылы чемпиондық атаққа және Суперкубокқа қол жеткізген.

Сонымен қатар «Мехелен» (Бельгия) командасында да ойнап, Сербия жасөспірімдер және жастар құрамалары сапында да өнер көрсеткен.