Бүгін, ақпанның 18-і күні Геннадий Головкиннің әкесі қайтыс болды. Бұл туралы «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне Қазақстан Бокс Федерациясының өкілі Виктор Прянников мәлім етті.

Геннадий Иванович 69 жасында жүрек қабыну салдарынан көз жұмды.  Спортшының әкесі кезінде"Көмір өндіру саласындағы үздік жұмысшы" атанған. 

«PROСПОРТ Қазақстан» ұжымы спортшының қайғысына ортақтасып, көңіл білдіреді.