Алматыда халықаралық «Хуаньта» 2014 ралли-рейд жарысының тұсаукесері өтті.

Баспасөз мәслихатына ұйымдастырушылар мен еліміздің әуесқой автошабандоздары қатысты. Айта кетер жайт, «Хуаньта» ралли–рейд бәйгесі 2005 жылдан бастап өткізіліп келеді және ойпатты аймақтарда жарысу бойынша Қытайдағы ең беделеді бәйгесі саналады. Рань ЧЖЕН, «Хуаньта» ралли-рейд жарысының ұйымдастыру комитетінің төрағасы:«Халықаралық Автоспорт Федерациясы «Хуаньта» ралли-рейд жарысын әлемдік кезеңдерге қосу үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Мақсатымыз Қазақстанның автошбандоздарымен келісімге келіп, 2016 жылы жарыс жолына Қазақстанның аймақтарын да қосу».Естеріңізге сала кетсек, «Хуаньта» ралли-рейд жарысы 2014 жылы 25-ші мамыр-7-ші маусым аралықғында Қытай елінде өтеді.