Алматылық клубтың қатары тағы бір словакиялық легионермен толықты.

Молош Лачны мен «Қайрат» арасындағы келісімшарт 3 жылға жоспарлаған. Алматылық клубтың ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, словакиялық ойыншы команда қатарына қаңтар айында қосылып өзін жақсы қырынан танытыпты. Футболшының шеберлігі Владимир Вайсстың көңілінен шыққан болса керек, команда басшылығы оған бірден келісімшарт ұсынды.