Сахалинде (Ресей) өткен «Азия балалары» халықаралық қысқы спорттық ойындарда қазақстандық жас хоккейшілер екі қарсыласын ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасы (U-15) Түркіменстан және Якутия хоккейшілерін жеке-жеке 34:0 және 18:1 есебімен жеңді.

Жас хоккейшілеріміз өз тобында екінші орын алып, Орал федералдық округінің құрамасымен бірге жартылай финалға шықты.

Енді келесі кездесуін 15 ақпан күні Сібір федералды округінің құрамасына қарсы өткізеді.